ДӘУІР ПІРЛЕРІ ҮШ ІЛІМ Исламның үш ілімге бөлінетінін көкейге түйіп алған жөн. Олар : (Иман; (Амал; (Ихсан. Сондықтан : ( иманда - Имам Матуриди (р.а. ) піріміздің; (амалда - Имам Ағзам ( р.а ) піріміздің; ( тариқатта - Хазіреті Бахауддин Нақышбанди ( р.а. ) піріміздің жолдарын ұстанамыз. Пендеге қауып үш түрлі жолмен келеді. Шайтан пендені үш түрлі жолмен азғырады: 1-ші: Адам баласының ой-қиялын егеленіп, ой салып тұрады. Ой-қиялдан келген шайтанның азғыруынан құтылу үшін өзіміздің ойымызды дүниедегі ең тура пікірді тапқан адамның ойына жалғап, соның пікірімен жүруіміз керек. Ең тура ой-пікірді тауып, өзін шайтанның азғыруынан құтқарып, Алланың әміріне бағына білген және сенімде (ақида) мүкәммәл болған адам имам Матуриди. Сол себебтен біздерге теріс пікірлерді ажыратып, тура түсінікте болу үшін имам Матуриди пәтуаларына жүгініп, оймен келген шайтанның азғыруынан құтылуға болады. Аһли-сүннет уаль жамағат сүннилер ақидасының негізін салып, оны ұлы тәлім жолы деп жариялайды. Бүкіл мұсылман әлемнің 70-80-пайызы осы Аһли-сүннет уəл жамағат сүннилер ақидасымен жүреді. 2- ші: Амалдан келген шайтанға Имам Ағзам Абу Ханифа көрсеткен ең тура амалдарды өзіміздің іс-әрекет-терімізде жүзеге асырып, Абу Ханифа мазхабының пәтуәларымен жүру арқылы құтылуға болады. 3- ші: Өзіміздің нәпсімізден келген шайтанға, тек қана Пірге нәпсіңді тапсырып қою арқылы құтылуға болады. «Нәпсісін жамандықтардан пәк тұтқан сөзсіз құтылады. Ал оны жамандықтарға көмген әлбетте зиянға ұшырады» (Шәміс сүресі, 9-10) Адам баласы өз нәпсісіне құл болып қалған, себебі нәпсісі доңыз болып семіріп, жүрегін түгел жаулап алған. Құрани Каримде, Алла тағала: «Фи қулубиһим марадзун» жүрегінде кесел бар, деп бізге сабақ берді. Сол себебтен оқыған намазыңнан қылған құлшылық ғибаттарынан пайда жоқ. Әуелі жүрегіндегі кеселді емдеу керек. Ит-аяқ болған жүрегінді пәк қылып, күнә балшығынан тазарту керек. Жүрек кеселінің емшілері Пір ишандар. Нәпсіңді тәрбиелеп жүрегіңді тазарту тек қана тариқат жолында жүзеге асады. Сол үшін біздер Пірге мұқтажбыз. Имам Мәлік (р.а.) айтқан: Кімде- кім шариғатты ұстанып, тариқатты ұстамаса пасық болады.Ал кімде- кім тариқатты ұстанып, шариғатты ұстанбаса зындық (діннен шығады) болады. Егерде шариғатты һәм тариқатты ұстаса, хақты табады. Жоғарыдағы айтылған: Ақида (иғтиқатта-сенімде) Аһли сүннет уаль жамағаттың имам Матуриди масхабымен; Амалда имам Ағзам Абу Ханифа масхабымен; Ықылас (Ихсан) –Ақлақта, міңез-құлық әдепте Нақышбанди тарихатымен жүріп, біздердің ата-бабаларымыз тура жолда болып,адаспастан баршасы мыңдаған жылдардан бері Алланың разылығын тауып, мазһаб жолын берік ұстап келеді. Үш Мазһабтың басын қосып, тірі Пірдің айтқанымен жүре аласың. Атам - қазақ осыларды жетік меңгеріп, Пірім бар, не қамым бар, деп емін еркін, Я - Пірім деп руханияттан пайдаланып, тіршілігін істей берген.

Теги других блогов: Ислам Иман Амал Ихсан