СОПЫЛАРДЫ АЙЫПТАУШЫ. Бір жасөспірім сопыларды жек көруші еді. Бірде оған сопылардың шейхы келіп, тастан көз салынған жүзігін шешіп берді де : - Уа жеткіншек, базарға барып мына жүзікті бір ділдә алтын теңгеге сатып келші деді. Базарға барып әлігі жасөспірім жүзікті бір ділдәға сатуға әрекет жасап көреді. Бірақ базардағылар оның жүзігін бар болғаны жарты дирхамға бағалады. Жасөспірімнің сұрап тұрған бағасын естіп олардың бірі күлсе, бірі ашуланды. Жас жігіт шейхқа келіп, реніш білдіре тұрып : Маған жарамсыз нәрсе берген екенсің! Құнсыз болып шықты,-деп шағымданыпты. -Енді мұны алтын бұйымдар шеберханасына алып баршы, - деп өтініпті шейх, - сол жерде бағалап көр. Шеберханаға кеткен жеткіншек көп ұзамай таңырқаған күйде қайтып келіп : Міне Тақсыр, жузігіңіз! Шебер мұны мың ділдәға бағалады деді. Ұлым менің, - деді сонда шейх, базардағылар бұл жүзік туралы қанша білген болса, сенің сопылар туралы білімің де сонша. Жасөспірім өз қателігін мойындап, сопыларды құрмет тұта бастапты. Жер астына қашып кірдім надандардан, Қолым жайып дұға тілеймін жомарттардан, Ғаріп жаным мың садаға даналардан, Дана таппай жер астына кірдім мен-ә. Хожа Ахмет Яссауи.

Теги других блогов: базар сопылар баға